Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Желт
12

Пресс - релиз

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық мүдделі тұлғаларды ««Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 733-1/7 және Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 43/7 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» жоба БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ орналастырылғандығы туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес, осы жоба әзірленді.
2019 жылғы 12 желтоқсанда жоба бұқаралық ақпарат құралдарында «Голос Экибастуза», «Отарқа» газеттері жарияланды және «Ашық НҚА» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.