Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Желт
12

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ (жоба)

«Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы»
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 733-1/7 және Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 43/7 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 733-1/7 және Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 43/7 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5198 тіркелген, «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде 2016 жылғы 18 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулы мен шешімнің 2-тармағының бірінші абзацы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгеріссіз қалады:
«2. Жеңілдік құқығын растайтың құжаты болған кезде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жеңлдікпен жол жүру келесі санаттағы Екібастұз қаласының азаматтары үшін белгіленсін:»;
2) 2-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6) бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және одан көп балалары (соның ішінде, 18 жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін колледждерде білім алатын балалары) бар көп балалы аналар (немесе әке), «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, балаларының жасына қарамастан бұрынғы КСРО –ның «Батыр ана» атағын алған аналар»;
3) 2-тармақ 7), 8) тармақтармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«7) бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және одан көп балалары соның ішінде, 18 жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін колледждерде білім алатын балалары бар отбасылардан шыққан колледждердің күндізгі бөлімдерінің студенттері»;
«8) көп балалы отбасылардың 7 жастан мектепті бітіретін уақытқа дейін жастағы балалар»;
4) 1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Екібастұз қаласының әкімі           Е. Иманзаипов

Қалалық мәслихатының хатшысы Б. Куспеков