Germany | Finland | Saint Petersburg | Drive
Vinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo SliderVinaora Nivo Slider
Сәу
09

Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

ЖОБА

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде толық жол жүру билетінің 50% мөлшерінен қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жеңілдікпен жол жүру келесі санаттағы Екібастұз қаласының азаматтары үшін белгіленсін:
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
2) үшінші топтағы мүгедектер.
2. Жеңілдік құқығын растайтың құжаты болған кезде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жеңілдікпен жүру келесі санаттағы Екібастұз қаласының азаматтары үшін белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге жеңілдік пен кепілдік бойынша теңестірілген тұлғалар;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы кажырлы еңбегі және мінсіз әскери кызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқан, оқшалау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударған (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аударған күні анасының кұрсағында болған балаларды қоса алғанда;
          3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскері қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін алты айдан кем емес уақыт жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
4) он алты жасқа дейінгі  мүгедек балалар;
5) бірінші және екінші санаттағы мүгедектер;
          6) бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және одан көп баласы                   (соның ішінде он сегіз жасқа  толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін колледждерде білім алатын балалары) бар көпбалалы аналар (немесе әкелер), «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұдан бұрын «Батыр-ана» атағын алған, сондай-ақ I және II деңгейлі «Ана атағы» орденімен марапатталған аналар;
7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы (соның ішінде он сегіз жасқа  толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін білім алатын балалары) бар отбасылардан шыққан колледждердің күндізгі бөлімдерінің студенттері»;
8) көпбалалы отбасылардың жеті жастан мектепті бітіретін уақытқа дейінгі жастағы балалары.
3. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде «Екібастұз автовокзалы-саяжай» маршруты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жеңілдікпен жол жүру келесі санаттағы Екібастұз қаласының азаматтары үшін белгіленсін:
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
2) үшінші топтағы мүгедектер.
4. Қаржыландыру көзі болып Екібастұз қаласының бюджеті белгіленсін.
5. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 733-1/7 бірлескен қаулысы мен Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі «Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде таксиден басқа жеңілдікпен жол жүруі туралы» № 43/7 шешімі (Нормативтiк  құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу реестрінде № 5198 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
        6. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
7. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Екібастұз қаласының әкімі                                 Е. Иманзаипов

Сессия торағасы,
қалалық мәслихат хатшысы                               Б. Куспеков